Жылыжай шығыны қияр бағасын қымбаттату есебінен жабылады

1528

 Жылыжайлардың 90 пайызы оңтүстік өңірде орналасқан.

Жылыжай шығыны қияр бағасын қымбаттату есебінен жабылады

Қияр бағасы арзандамайды. Себебі елімізде жылыжайға кететін шығын көп. Шаруалардың сөзінше,  жанар-жағармай, электр қуаты, коммуналдық қызметі құны өсті. Салдарынан қиярдың сатылымынан түсетін қаражат шығынды толықтай жаппай отыр.

Сондай-ақ, әрбір қалада баға айырмашылығы едәуір байқалады. Себебі, жылыжайлардың 90 пайызы оңтүстік өңірде орналасқан. Мысалы Түркістанда қиярдың келісі – 600 тг, Астанада – 1200 тг. Бұл мəселені шешу үшін, жылыжайларды көптеп салу қажет деп отыр шаруалар.

Жауапты ведомство болса, салаға базалық субсидия жəне пайыздық үстемесі төмен несие қаралып отырғанын жеткізді. Дегенмен, өткен жылға қарағанда қияр егу көлемі 2 жарым гектарға артқан.  Биыл өнім мөлшері 50 тоннаға өсіп, 460 мың тоннаны құраған. Алайда, ішкі нарықтағы сұраныс 480 мың тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу