Жылжымайтын мүлік бойынша есеп айырысу толық электронды форматқа көшті

1461

Яғни, қолма-қол ақша деген болмайды.

Жылжымайтын мүлік бойынша есеп айырысу толық электронды форматқа көшті

Жылжымайтын мүлік бойынша есеп айырысу шарттары өзгертілді. Енді мұндағы сату және сатып алу процестері толықтай электронды форматта жүргізілуге тиіс. Яғни, қолма-қол ақша деген болмайды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл 25 маусымда Президент қол қойған "Цифрлық технологияларды реттеу" заңына сәйкес енгіліп отыр. Ондағы мақсат – қаржылық қауіпсіздікті сақтау, терроризммен күресті күшейту.

Қазір 13 банкте жеке азаматтар үшін қашықтықтан шот ашуға мүмкіндік жасалған. Былтыр интернет-ресурстар мен телефон банкинг арқылы жүргізілген транзакция 8,1 трлн теңгені құрапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу