Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу мерзімі қысқартылды

902

Бұрын ол 3 күнге созылса, қазір 1 күнде жүзеге асырылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуі барысында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу мерзімі қысқартылды

"Жылжымайтын мүлік кепілін электронды тіркеу енгізілді. Енді банктер меншік иесімен кепіл шартын жасасқаннан кейін оны электрондық тіркеуге жібере алады, бұл азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуін тоқтатады. Кепілді тіркеу мерзімі үш жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылды", – деді министр. 

Спикердің айтуынша жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеу дерекқорындағы мәліметтерді уақтылы жаңартуға мүмкіндік береді. 

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік қадастрын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы жүйені қолдану азаматтарға бір өтініштің негізінде жер учаскесін рәсімдеуге және оған құқықтық тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, қызметтерді көрсету мерзімдері мен тиісінше азаматтардың қаржылай шығындары қысқартылады", – деді Марат Бекетаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу