Жылжымайтын мүлік құжаттарын ресімдеуде эксаумақтылық тәртібі енгізілмек

977

Енді тараптар кез келген нотариусқа жүгіне алады. 

Жылжымайтын мүлік құжаттарын ресімдеуде эксаумақтылық тәртібі енгізілмек

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлады inbusiness.kz.

"Нотариат саласындағы негізгі жаңалықтарға қысқаша тоқталып өтейін. Келесі жылдан бастап Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық құжаттарды сақтау үшін орталықтандырылған электрондық репозиторий құру көзделген. Осылайша болашақта нотариустар қағаз мұрағатынан бас тартып, электронды форматқа көшеді", – деді вице-министр. 

Азамат Әмірғалиевтың айтуынша 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық тәртібі енгізілмек. 

"Яғни, бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша күәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу