Бұл ақпанға қарағанда 155 мәмілеге көп. Әдетте көктемнің басталуымен транзакциялардың өсуі байқалады.
Көрсеткіш 2022 жылдың наурыз айымен салыстырғанда (67,8 мың бірлік) үш есеге аз.
Көрсеткіштердің төмендеуі барлық өңірде байқалады. Мысалы, Ақтөбе облысында (939 бірлік) мәмілелер саны коронавирустың бірінші толқыны басталған 2020 жылдың мамырынан бастап ең төменгі деңгейде болды.
Қызылордада (523 бірлік) транзакциялар 2021 жылдың қаңтарынан бастап минимумға дейін төмендеді. Ұлытау облысында транзакциялар саны (247 бірлік) облыс құрылғаннан бері ең аз болды.
Елорданың өзінде көрсеткіш төмен. Наурызда Астанада 3664 пәтер мен үй сатылды. 2021 жылдың қаңтарынан бастап көрсеткіш бір рет қана төмен болды - 2022 жылдың мамырында.