Жылжымайтын мүлік нарығында өсім байқалды

1640

Жылжымайтын мүлік нарығында өсім байқалды

Ал биыл жылжымайтын мүлік нарығында өсім байқалып отыр. Статистика комитетінің сараптамасына қарағанда, қыркүйек айында сату және сатып алу бойынша 21 мыңнан астам келісім-шарт жасалған. Оның 6 мыңы жеке сектордағы үй болса, 15 жарым мың пәтер саудасы. Ал жалпы 2017 жылдың 9 айында 177,3 мың мәміле жасалыпты.

2016 жылмен салыстырғанда өсім 28,4%-ға жоғары. Алыс-беріс саудасы, әдеттегідей, Астана мен Алматы қаласында басым. Елордада күздің алғашқы айында 3 мың пәтер сатылса, екінші мегаполисте 2900-ден астам баспана келісім-шарты жүргізіліп отыр. Одан кейінгі орында Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары тұр. Ал жылжымайтын мүлік нарығында ең аз сауда жасалған аймақтар қатарына - Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда іліккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу