Жылжымайтын мүлік онлайн тіркеледі

922

Осыдан 3 ай бұрын Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында іске қосылған цифрлы ипотека жүйесі жетілдіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жылжымайтын мүлік онлайн тіркеледі

Айта кетейік, цифрлы ипотека жүйесі үй алу мерзімін 1 айдан 1 тәулікке қысқартып, сатып алушыларды банк бөлімшесіне, халыққа қызмет көрсету орталығына барудан және құжат жинау машақатынан босатты. Игі істі Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырды. 

Цифрлы ипотеканы қолданысқа енгізу барысында құрылыс компаниясы мен екінші деңгейлі банктің ақпараттық жүйесі интеграцияланды. Нәтижесінде тұтынушыға пәтерді құрылыс компаниясының сайты арқылы таңдау, өтінім жолдау және онлайн сатып алу мүмкіндігі берілді. Бұған қоса ипотека мақұлданған жағдайда кепіл шарты мен сатып алу-сату шартын автоматты түрде рәсімдеу тетігі қосылды.

Бұл туралы Әділет министрлігінің сайтында: "Кепіл шарты және сатып алу-сату шартын рәсімдеу автоматты түрде жүргізіледі. Тараптар қол қойғаннан кейін тиісті мәлімет "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесіне онлайн жолданып, онлайн тіркеледі. Тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама құрылыс компаниясының сайтындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады", – деп жазылды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу