Жылжымайтын мүлік рәсімдеуге 2 апта шектеу болады

756

Өйткені осы аралықта халыққа қызмет көрсету орталықтары, бірқатар қызметтерін тоқтатады. 

Жылжымайтын мүлік рәсімдеуге 2 апта шектеу болады Фото: Диапазон

26 сәуірден бастап 2 апта бойы баспананы сатып алу, оны тіркеу қиындай түспек. Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы әлеуметтік желідегі парақшасына, осындай хабарландыру жариялады. Ол жерде 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында, жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу, техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтіні жазылған.

Бұдан бөлек 2-9 мамыр аралығында Егов порталы арқылы да, мүлікті рәсімдеуге және техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау тоқтатылады. Бұл қызметтерді тіпті нотариустар, салық жүйесі, банк және Әділет министрлігінің мекемелері бойынша да ала алмайсыз.

Сондай-ақ, 2 мамырдан бастап 1 апта ішінде, мемлекеттік баспана бағдарламалары аясындағы қызметтер де қолжетімсіз болмақ. Мұндай шектеулерге бірқатар мемлекеттік органның базаларын интеграциялау жұмыстары себеп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу