Нарықта жылжымайтын мүлік сатуға ұсыныс көбейіп, бұл өз кезегінде сауданың қыза түсуіне түрткі болды, деп жазады ranking.kz-ке сілтеп naryk.kz.
Жыл басынан бері Қазақстанда үй арзандап жатыр, әсіресе жаңадан салынған үйлердің бағасы төмендеген.
2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында үй бағасы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,2 пайызға арзандады. Соның ішінде абаттандырылған үйлер бағасы 3,1 пайызға, элиталы үйлер бағасы 2,9 пайызға төмендеді. Ал абаттандырылмаған үйлердің бағасы 0,1 пайызға ғана арзандаған. Бағаның арзандауының мұндай қарқыны 2013 жылдан бері алғаш рет байқалып отыр.
Сату-сатып алуға қатысты келісімшарттар 30 пайызға көбейген. Биыл алғашқы бес айда елде 63 мың үй сатылған, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,4 мыңға артқан.
Соның ішінде баспана саудасы өңірлер бойынша СҚО-да 57 пайызға, Маңғыстауда 53 пайызға, ШҚО-да 44 пайызға ұлғайған.