Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, шілдеде 30 393 сату-сатып алу мәмілелері жасалған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда – 2%, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 34,3%-ға төмен.
Былтыр желтоқсанда 94 988 мәміле жасалса, биыл күрт төмендеп кетті. Мысалы, биыл ең көп мәміле сәуірде жасалды (67 801). Сұраныс елеулі мөлшерде төмендегеніне қарамастан, тұрғын үй нарығындағы бағалар оған сай төмендемеді. Өткен аймен салыстырғанда сату және жалдау құны өсті:
* Бастапқы тұрғын үй – 0,5;%
* Қайталама тұрғын үй-0,8%
* Жалдау-0,4%.
Тұрғын үй сату алаңдарында біршама төмендеу байқалады. Көптеген құрылыс компаниясы әртүрлі жеңілдік акцияларын енгізіп, тартымды жағдайларды ұсына бастағанын атап өткен жөн.