Жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркеуге болады

1470

Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркеуге болады

Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесін төлем жасалған сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады.

"Бүгінгі таңда нотариусқа жүгінген клиенттерге нәтижелер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін ақы төленгені жөніндегі мәлімет келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Көбіне бұл ипотеканы, несиені, кепілді және банктердегі басқа да қажеттіліктерді ресімдейтін клиенттердің мүлкін құжаттау процесін кешіктіруі мүмкін", ­- деп жазылған таратылған хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында қазақстандықтар нотариустар арқылы жылжымайтын мүлік бойынша 570 мыңнан астам мәміле жасасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу