Жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда айыппұл салынбайды

858

Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуіне қатысты заңнама жетілдіріледі.  

Жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда айыппұл салынбайды

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. 

"Аталған заң жобасы қолданыстағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салаларындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Парламент депутаттарымен әзірленді. Заң жобасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау, нысанның бұзылуын растайтын құжаттарды рәсімдеу тетіктері мен мерзімдерін белгілеу, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесін және уәкілетті органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру жолымен мәлімет алу мәселелерін әрі басқа да сұрақтарды реттеуді көздейді", – деді басқосуда мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу