Қазақстанда 2017 жылдың қыркүйегінде 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 0,1% көтерілді, деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.
Ақпарға сәйкес, 2017 жылдың 9 айында әкімдік-кеңсе мақсатындағы жайларды беру – 0,6%-ға, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттерін жалға беру бағасы 1%-ға түсті.
Биылғы қыркүйекте 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда асханаларды жалға алу бағасы 2,1%, жер асты паркингтерін жалға беру - 1,3%, дәріханаларды беру– 1,1% өсті. Мейрамханаларды жалға алу 1,8%, химиялық тазалау және кір жуатын орындарын жалдау 1,4%-ға түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу