Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры әзірленіп жатыр

588

Үкімет басшысы Асқар Мамин жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жасалып жатқанын жариялады. 

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры әзірленіп жатыр

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын жасау бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ол жер учаскелері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтиды", – деді Асқар Мамин үкімет отырысында. 

Премьер-министр үкімет парламентке жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселесі жөніндегі заң жобасын енгізгенін баяндады.

"Заң жобасы біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу