Жымқырғанын қайтарған 30 мың шенеунік жазадан құтылды

771

Жымқырғанын қайтарған 30 мың шенеунік жазадан құтылды

Қаржыны жымқырғаны әшкерелініп қалған 30 мың шенеунік алғанын қайтарған соң, жазадан босатылыпты. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды abctv.kz. 

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелеріне арналған жиында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумында бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша төмендеуіне бюжетті негізсіз жұмсау, тиімсіз игеру, жемқорлық, аудитттік және есептік стандарттардың жетілмегені әсер еткенін айтты.

Елімізде 2017 жылы 597 миллиард теңгенің бұзушылықтары анықталған, ал екі жыл ішінде 1 триллион теңгеден артық соманың бұзушылықтары алдын ала анықталыпты.

"Бұл бұзушылықтарды өз еркімен жойғандары үшін шамамен 30 мың лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершіліктен босатылды", – деді қаржы министрі. 
"Жоспарлы тексерістер саны азайды, бірақ олардың нәтижелілігі жоғарылады. Осы жылдың 9 айында тексерулермен 1,4 триллион теңге қамтылды, оның 40 пайызы бойынша бұзушылықтар анықталған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда, 30 пайызға жоғары. Жұмыс тиімділігі жойылған бұзушылықтардан да көрініп тұр. Егер 2015 жылы 1 тексерушіге келетін жою 285 миллион теңгені құраса, ағымдағы жылы 1 аудитор жарты миллиард теңгеге жуық бұзушылықты жойды", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу