Жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейтуді тапсырып отыр. 

Жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды – Президент Фото: Ақорда

Себебі, елімізде мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер әлі де азаймай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Есірткі бизнесімен күресті күшейту қажет. Өкінішке қарай, қазір есірткі саудасынан түскен табысты тексеру жұмысының тиімділігі төмен. Қылмыскерлердің заңсыз жолмен тапқан жеке мүлкімен қатар, басқа адамдардың атына рәсімдеген мүлкі де мемлекетке қайтарылуы тиіс. Қысқасы, қылмыстық жолмен иемденген мүліктің бәрін тәркілеу мәселесін мұқият пысықтаған жөн. Заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейту керек. Бұл қадам халықаралық стандарттарға толық сай келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект қылмыстың алдын алуға қызмет етуі тиіс" деп мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу