Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында белгісіз адамдардың киік аулап, олардың мүйізін кесіп алғандығы туралы мәлімет тіркелді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
"Охотзоопром" мекемесінің инспекторлары Ырғыз ауданындағы Жыңғылды көлі маңынан 5 киіктің өлексесі табылғанын хабарлады. Күдіктілер ұсталған жоқ.
Инспекторлардың хабарлауынша, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің "Заңсыз аңшылық" бабы бойынша іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу