Жыныстық қылмыстың 70%-дан астамын балалардың туыстары мен жақын адамдары жасайды

1452

Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны 13 жасар қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы баяндады, деп хабарлайды inbusinnes.kz.

Жыныстық қылмыстың 70%-дан астамын балалардың туыстары мен жақын адамдары жасайды

"23 шілде күні Талғар қаласындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 13 жасар қыздың денесі табылды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іс-шара өткізіп, қыздың өгей әкесін күдікті деп таныды. Белгілі болғандай, ер адам қыздың анасымен азаматтық некеде тұрған екен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиға орнынан жасырынған күдіктіні Алматы қаласының аумағында Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді ішкі істер министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстың 70%-дан астамын балалардың туыстары мен жақын адамдар жасайды. Олар:аналарымен бірге тұратын адамдар, өгей әкелері, туыстары, көршілері және таныстары өгей әкелері, туыстары, көршілері және таныстары.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу