Жыныстық тиіспеушілікке қатысты аса ауыр қылмыстарды жеке судьялар қарайды

637

Парламентте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды.

Жыныстық тиіспеушілікке қатысты аса ауыр қылмыстарды жеке судьялар қарайды

Бұған дейін жоғарыдағы заң сенатта талқыланып, мәжіліске қайтарылған еді. Бүгін мәжіліс депутаттары толықтыру енгізілген құжатты бірауыздан қолдап, дауыс берді.

"Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобасына сенат енгізген толықтыруларды қарап шықты. Сенат ұсынған толықтырулар заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді және ҚР Конституциясының 61-бабының 5-тармағына сәйкес, комитет ҚР Парламенті Сенаты енгізген толықтырулармен келісуді ұсынады",– деді мәжілісмен Снежанна Имашева.

Біле жүріңіз, сенаторлар ҚР қылмыстық-процестік кодексіне кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс бойынша сотта істерді қарауды алқабилердің қатысуынсыз судьяның жеке-дара жүзеге асыруын көздейтін түзету енгізу ұсынды. 

"Құжатты екінші оқылымға дайындау кезінде заң жобасына толықтыру енгізу қажет болды. Мемлекет басшысының Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс үшін жазаны күшейту міндеті көрсетілген. Түзетулер осы санаттағы істерді кәсіби судьялардың жеке қарауын көздейді", – деді сенат депутаты Қанатбек Сафинов

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу