Жыныстық зорлыққа қатысты қылмыстар азайды

933

Жәбірлеушілер жазадан құтылмайды.

Жыныстық зорлыққа қатысты қылмыстар азайды

Елімізде соңғы 8 айда қылмыстық құқық бұзушылық 35% -ға азайды. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай деді. 

Оның сөзінше, заңнамаға енгізілген толықтырулар елдегі құқықтық тәртіпті нығайтып, қылмыстық ахуалды төмендетті.  

"Осы жылдың 8 айында өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылық 35% -ға азайды. Ұрлық - 52, тонау - 50, бұзақылық - 46%-ға
төмендеді. Жыныстық зорлыққа қатысты қылмыс үштен бірге қысқарды. Бұған жазаның күшейтілуі ықпал етті", – деді орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Марат Ахметжанов.

Бұдан кейін ол қазір жәбірлеуші мен жәбірленуші татуласқан күннің өзінде заңға қайшы әрекет еткен тұлғаға нақты жаза қолданылатынын баяндады. 

"Ауыр қылмыс санатына ауыстырылған бірінші рет ұрлық жасау мен алаяқтық бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұған үйге кіріп ұрлық жасау кіреді", – деді бас прокурордың орынбасары.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу