"Жынысын ауыстырды": Дауға іліккен боксшының әкесі баласының туу туралы куәлігін көрсетті

7413

Сонымен қатар әкесі спортшының суреттерін жариялады.  

"Жынысын ауыстырды": Дауға іліккен боксшының әкесі баласының туу туралы куәлігін көрсетті Фото: коллаж inbusiness.kz

Еске сала кетсек, Алжирлік боксшының жынысына қатысты дау туындаған еді. Бокстан Алжирдің әйелдер құрамасының мүшесі Иман Хелифтің әкесі Амар Хелиф спортшының қыз бала екенін дәлелдеу үшін бала кезіндегі суреттерін көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Оның тарапына айтылған сөздер ақылға қонбайды. Бұл әділетсіз. Иман – 6 жасынан бастап спортты жақсы көретін, футбол ойнап өскен кішкентай қыз бала. Бұл сынның бәрі Иманды жолдан тайдыру үшін, оның Олимпиада чемпионы атануына кедергі келтіру үшін айтылып жатыр. Бірақ ол шаршы алаңда бәрінің қателескенін дәлелдейді, Алжир мен барлық араб елдерін алтын медалі арқылы танытады деп үміттенемін. Ол біз үшін нағыз үлгі тұтарлық тұлға", - деді Амар Хелиф.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу