Бензин бағасының көтерілуіне байланысты, мұнай өнімдерін өткізу нарық субъектілеріне және тұтынушыларға мұндай іс-қимылдар негізсіз болған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылдамақшы, Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Сондай-ақ бүгінгі күні "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу Аи-80 бензинін бөлшек саудада өткізуге қолданылатынын ескертеміз.
Бұл ретте, бұрын реттеу қолданылған Аи-92 бензині (мемлекеттік реттеу 2015 жылғы қыркүйектен бастап алып тасталды) мен дизель отынына (мемлекеттік реттеу 2016 жылғы тамыздан бастап алып тасталды) бағаларды бөлшек саудада өткізушілер өз бетінше белгілейді.
Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерінің ішкі нарығы (ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша) Ресей Федерациясынан әкелінетін жеткізілімдерден импортқа тәуелді екенін атап өту қажет. Осыған байланысты, импортталатын мұнай өнімдерін сатып алу бағалары бөлшек сауда бағаларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі кезде монополияға қарсы орган нарық субъектілері қызметінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес келуі тұрғысынан мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы ахуалға апта сайын мониторинг жүргізеді. Монополияға қарсы ден қою шаралары мұнай өнімдері бағаларының өсуіне себеп болған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар және нарық субъектілерінің келісімдері, үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері бойынша қолданылады.
Нарық субъектілерінен ақпарат алу нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізуге бастама жасауға құқылы.