АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Ақмолда Сайрамкез чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақмолда қоссайыс қорытындысы бойынша 257 келіні бағындырды.
Ол жұлқа көтеруде 112 келіні, серпе көтеруде 145 келіні еңсерген болатын.
Сондай-ақ, Ақмолда Сайрамкез екі бағдарлама бойынша кіші күміс медальді иеленді.
Бұл Қазақстан спортшылары жеңіп алған әзірге алғашқы жүлде екенін айта кеткен жөн.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу