Зілтемірші Асылжан Бектай Азия чемпионы атанды

777

Асылжан Бектай Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 89 келіге дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz kazsports.kz сілтеме жасап.

Зілтемірші Асылжан Бектай Азия чемпионы атанды Фото: kazsports.kz

Қызылордалық спортшы жұлқа көтеруде 165 келімен күміс медаль алса, кейін 197 келілік тасты серпе көтеріп, алтынға қол жеткізді. Жалпы есепте 362 келіні еңсерді.

89 келіге дейінгі салмақта күмісті Эмиль Молдодосов місе тұтты. Ол Асылжаннан небәрі бір келіге қалып кетті. Қола ирандық Масуд Шатраиге бұйырды.

Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық Кирилл Староверкин жалпы есепте 330 келімен (153+177) 7-орынға тұрақтады.

Асылжан 2017 жылы Бангкокте (Тайланд) өткен ауыр атлетикадан 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ол 2000 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 7 сыныптан бастап ауыр атлетика секциясына қатысып келеді. Бұған дейін жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионатының (2015, 2017 жж.) және Кубогының (2016 ж.) күміс жүлдесін иеленді. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. Бапкері – Қалдыбай Тоқбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Манамада Зульфия Чиншанло жеңімпаз атанып, Арли Чонтей қола жүлдеге иеленген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу