Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына кезекті алтын түсті, деп хабарлайды Olympic.kz
Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы додада 365 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 158 келіні, серпе көтеруде 198 келіні еңсерген.
Сондай-ақ, Рахат серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу