Зілзала кезінде бір адам зардап шекті

779

Алматыда 4 наурызда болған күшті жер сілкінісінен бір адам зардап шекті.  

Зілзала кезінде бір адам зардап шекті Фото: vgoroden.ru

Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, оның нақты қалай зардап шеккені туралы мәліметтер анықталып жатыр.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 18 жастағы қала тұрғынына Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажетті көмек көрсетілген.

4 наурызда Алматыда тағы да күшті жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары сағат 11:22-де күші 5 балл болатын күшті жерасты дүмпуін сезді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу