Зілзала кезінде бір отбасының 13 адамы қайтыс болды

5697

​Хатай қаласында үйінді астында қалған Чичек отбасы қайғыдан қан жұтты. 

Зілзала кезінде бір отбасының 13 адамы қайтыс болды

13 адамның бір сәтте қалай ажал құшқаны жайлы inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі білуге тырысты.

Жер сілкінісі кезінде құлаған бес қабатты ғимараттың тұрғыны Чичек отбасы үйінді астында қалды. Оның бірі кішкене сәби еді. Зілзаланың алғашқы күнінде үйінді астынан жаралы күйде шығарылса да Шырын Чичекті дәрігерлер құтқарып қала алмады. 

Іздестіру құтқару жұмыстарының алтыншы күнінде Чичек отбасынан кішкентай Айнұр, Шырын, Эмин, Енвар, Ысмайыл, Айнұр, Бетүл, Жұлдыз, Метин, Мехмет Эмин, Элиф және Ядигар Чичектің өлі денелері табылды. 15 адамнан құралған отбасынан Мұрат және Лұқман Чичек үйінді астынан жаралы күйде табылып, ауруханаға жеткізілді. Ал қайтыс болған отбасы мүшелері жер қойнына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу