Зілзала кезінде үйінді астынан шығарылған 500-ге жақын сәби қаза тапқан

610

Зілзала кезінде қараусыз қалған балалардың көбінің отбасы табылды.

Зілзала кезінде үйінді астынан шығарылған 500-ге жақын сәби қаза тапқан

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігінің ақпаратына сәйкес 6 ақпандағы жер сілкінісі кезінде үйінді астынан шығарылған және қараусыз қалған 1915 баланың 1788-і отбасымен қауышты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Министрлік жасаған мәлімдемеде Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан шығарылған 1915 бала қараусыз қалған. Олар бірден мемлекет қарауына алынады. Содан кейін баласын іздеген ата-аналардың жеке басы тексеріліп, нәтижесінде 1788 бала отбасымен қауышқан. Ал 41 бала әлі ауруханада ем қабылдап жатқан көрінеді.

"Емдеу процесі аяқталған 79 бала аталмыш министрлікке қарасты мекеме қамқорлығына алынды. Аты-жөні белгісіз 22 бала балаларды қарайтын мекемелерде жатыр. Үйінді астынан шығарылып, министрлікте тіркелген 7 бала ауруханада емделіп жатқанда қайтыс болды. Сондай-ақ, министрліктің хабарлауынша арнайы жүйе арқылы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде үйінді астынан шығарылғаннан соң қаза тапқан балалардың саны 479-ға жеткен".
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу