Зілзала құрбандарының саны артты

997

Зілзала құрбандарының саны артты

Мексикада зілзаладан қаза тапқандар саны 220 адамнан асты. Олардың жартысынан көбі ел астанасы Мехико тұрғындары. Бұл туралы осы елдің апат-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнте мәлімдеді. Жойқын жерсілкінісінің салдарынан 50-ге жуық ғимарат қирап, 4 миллион 600 мың адам жарықсыз қалды. Естеріңізге салакетейік, кеше Мексиканың оңтүстігінде қуаты 7,1 баллдық зілзала болды. Жергілікті сейсмологиялық қызмет өкілдерінің хабарлауынша, кейін тағы 11 рет жер тербелісі тіркелген.

Энрике Пенья Ньето, Мексика президенті: "Мехико мен бірқатар штатта төтенше жағдай қалыптасып отыр. Зардап шеккендерге шұғыл көмек беріп жатырмыз. Қоғамдық ауруханалар құрылу үстінде. Электр жарығын да қалпына келтіретін боламыз.Үйінділер астынан әлі де адамдар құтқарылуы мүмкін".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу