Зілзалада Ататүріктің суретіне бірде-бір зақым келмеген

3299

​Жер сілкінісінен кейін қираған ғимарат қабырғасында ілулі тұрған Ататүріктің фотосуреті Түрік жұртының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зілзалада Ататүріктің суретіне бірде-бір зақым келмеген

Хатай қаласында қираған бірнеше үйдің қабырғасында Мұстафа Кемал Ататүріктің портреті ілініп тұр.

Бұл Түрік халқына жаңа үміт сыйлағандай болды. Кезінде Мұстафа Кемал Ататүрік Хатай елдімекені жайлы: "Түрік жерін жаудың қолына қалдырмаймын. Хатайды міндетті түрде аламын" деген екен.

Бұған дейін бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл қаланы Француздар жаулап алған. 

Бүгін іздестіру-құтқару жұмыстарының жетінші күні. 72 елден 10 мыңнан астам құтқару тобы келді. Қазір ол күн-түн демей іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу