Зілзаладан аман қалған 291 баланың кімдер екені анықталмаған

1954

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы қараусыз қалған 1362 баланың 369-ы отбасыларына тапсырылды. Бұл туралы Түркияның отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Дария Янык мәлімдеді. 

Зілзаладан аман қалған 291 баланың кімдер екені анықталмаған Фото: Анадолу агенттігінен

Министрдің сөзінше бүгінде ауруханаларда 792 сәби ем алып жатыр. Министрлік мекемелеріне 201 бала қабылданған. Ал 1071 баланың жеке бас куәлігі анықталды.

Сонымен қатар 291 баланың кімдер екені әлі анықталмаған. Алайда министр ханым ол бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Дария Янык қазіргі уақытта зілзала кезінде ата-анасынан айырылған балаларды асырап алуға деген сұраныстың жоғары екенін тілге тиек етті.

- Осы елдің азаматы ретінде қоғам өкілдерінің балаларға деген ықыласы маған ерекше әсер қалды. Дей тұрғанмен ең алдымен бұл сәбилердің ата-анасын тауып, жеке бас куәлігін анықтауымыз керек. Балалар ата-анасына қауышса екен дейміз. Ал егер ата-аналары қаза болған жағдайда мемлекет қарамағына алынады. Одан кейін асырап алғысы келетін отбасылар талапқа сай келсе процедура басталады.

Яғни, балалар мемлекет қарамағында. Қазір ешкімге берілмейтінін қадап айтты. Сондай-ақ, министрі Дария Янык президентке тиесілі ұшақпен Анкараға жеткізілген 15 сәбидің жағдайын білу үшін Этлик қалалық ауруханасына келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу