Зілзаладан кейін Түркия туризмі қалай өзгерді?

719

Жер сілкінісі ел туризміне аса ықпал ете қоймаған. 

Зілзаладан кейін Түркия туризмі қалай өзгерді? Фото: google

Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мырза айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркия - бүкіл әлемнің туристері таңдайтын ең танымал 4 елдің бірі. Мұнда жыл сайын 40 млн-нан астам қонақ күтілсе, оның ішінде 400-450 мың адам - Қазақстаннан демалуға баратындар.

Түрік елшісінің айтуынша, елдің туристік статистикасына пандемия үлкен әсер етіп, қонақтар саны қысқарғанымен, шектеулер алынғаннан кейін олардың саны бірден 45 млн-ға жетіп, оның ішінде қазақстандықтар саны бірден 600-700 мыңға артқан.

Түркияда танымал туристік қалаларға Ыстамбұл, Анталья мен Алания жатады, соңғы екеуі зілзала орнынан 600 шақырым қашықтықта жерде орналасқан, сондықтан туризмге айтарлықтай залал келтірілмеді.

"Дегенмен тарихи нысандар мен діни құрылыстар орналасқан Газиантеп пен Хатайда туристер қабылдау уақытша тоқтатылады. Әзірге зілзала шығындарын бағалау жұмыстары аяқталған жоқ, сондықтан ондағы туризм қашан нақты қалпына келтірілетіні белгісіз", - деді елші.

Әзірге туристік броньдарды жаппай тапсыру сынды оқиғалар тіркелген жоқ, туристер ағыны бұрынғыдай өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, елші нағыз туризм маусымына әлі екі ай барын еске салды. Нақты сандық мәліметтер сол кезде шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу