Президент бортта болған жоқ, қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы жергілікті телеарна елдің ақпарат министрі Дженфан Мусвердің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ZBC хабарлағандай, тікұшақ жексенбіде Зимбабве президенті жергілікті мерекеге қатысқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.
"Президент Мнангагва ұшуы керек деп болжанған тікұшақ техникалық ақаулыққа байланысты апатқа ұшырады, бірақ Президенттің бортында экипаж мүшелері болған, ешкім қаза тапқан жоқ", — делінген телеарнаның сайтында.
Министр атап өткендей, Зимбабвенің азаматтық авиация басқармасы оқиғаны тергеуді бастады және соған байланысты мәлімдеме жариялайды.