Зимбабве елінде ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 4 адам қаза тапты. Олардың барлығы – Финляндия азаматтары, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Масвинго қаласы маңында болған. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі жариялады.
Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Ресми дерекке сүйенсек, марқұмдардың қатарында елдегі ірі компаниялардың басшылары бар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жұма күні туристер толы моторлы ұшақтың құлап түскені жарияланған еді. Қазір осы жайтқа қатысты тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу