Зиратты қиратқан күдікті ұсталды (видео)

1854

Полицейлер Үштөбе қаласындағы зираттарды қиратты деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Зиратты қиратқан күдікті ұсталды (видео)

Психикасының бұзылуынан зардап шегетін Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны жерлеу орындарын қиратты деген күдікке ілінген. Ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша тағайындалған сараптаманың нәтижелерімен расталған.

"Күдіктінің 60 жастағы анасы қала тұрғындарынан бала кезінен ауыр психикалық ауытқудан зардап шегетін ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Қаратал ауданының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы "Тағылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдіктінің психикалық жай-күйін ескере отырып, ұсталған адам облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Дерек бойынша тергеу іс-шаралары Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше бақылауында", – деп жазылған хабарламада.

ІІМ сайтының мәліметінше, зираттар 16 қаңтарда қиратылған. 14 жерлеу орны бүлінген, олардың металл қоршаулары қиратылып, ағаш және темір крестер сындырылған. Құлпытас жазбалары мен ескерткіш гүл шоқтары жан-жаққа шашылған. Тексеру барысында ұрлық деректері анықталмаған.

Еске сала кетсек, зираттардың бүлінгені туралы Президенттің құлағына жетіп, министрге тапсырма берген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу