Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің көбі Қарағанды облысында тіркелген

793

Былтыр мұндай мамандарға 167 млрд теңге өтемақы төленді.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің көбі Қарағанды облысында тіркелген

Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикер өткен жылы зерттелген кәсіпорындардың 1,6 млн жұмысшысының 375 мыңы (22,8%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істегенін атап өтті.

Өңірлер бөлінісінде зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің көбі Қарағанды облысында – 74 976 адам, Павлодар облысында – 46 361 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 37 383 адам тіркелген.

"Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес кепілдіктер мен өтемақылар береді (жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы және төлемнің жоғарылатылған мөлшері, сүт, емдік және профилактикалық тамақтану). Осылайша, 2021 жылы еліміз бойынша 681 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 167 млрд теңгеден астам сомаға түрлі өтемақы алды, бұл 2020 жылға қарағанда 19%-ға артық", – деп хабарлады Комитет төрағасы.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу