Зиянды еңбектегі адамдарға берілетін арнайы төлемнің мөлшері аталды

239

2024 жылдың қаңтарынан бастап 37 мың қазақстандық осы төлемді алуы мүмкін. 

Зиянды еңбектегі адамдарға берілетін арнайы төлемнің мөлшері аталды Фото: www.serconsrus.ru

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін қазақстандықтарға төленетін арнайы әлеуметтік төлемге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министр бұл төлем түрі 4 көзден қалыптасатынын еске салды.

Оның айтуынша, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардың тізімі бар. Оған 2395 мамандық енгізілген. Барлық мамандық бойынша жұмыс берушілер міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын жібереді.

"Егер барлығын қосатын болсақ, онда келесі жылдан бастап ай сайын орташа есеппен 208 мың теңге көлемінде төлем жасалады. (...) 55 жасқа толған 37 мың азамат осы төлемді алады", - деді спикер Сенат кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін зиянды өндірісте істейтін қазақстандықтарға арнайы әлеуметтік төлем берілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу