Зиянды ойыншық сатушыларға салынатын айппұл көлемін 100 есеге өсіру ұсынылды

903

Зиянды ойыншық сатушыларға салынатын айппұл көлемін 100 есеге өсіру ұсынылды

Тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская сапасыз балалар ойыншығын сататын, шығаратын кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі 1 мың АЭК-ке дейін көбейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды lsm.kz.

Тұтынушылар құқығын жиі бұзатындар жауап беру керек, жауап бергенде де өз қаржыларымен жауап беру керек. 10 АЕК көлеміндегі (22 690 теңге, 1 АЕК – 2269 теңге) айыппұл өте аз", - дейді Романовская.

Оның сөзіне сүйенсек, құрамында формальдегиді бар, бояуы балаға жұғатын ойыншықтар жиі кездеседі.

"Біз айыппұл көлемін 100 есеге көбейтіп, 1 мың АЕК-ке дейін жеткізу керек деп санаймыз. Біз бұл сұрақты үкіметте көтерген болатынбыз. Бірақ олар бізге шағын және орта бизнесті қолдауды тапсырды.  Олар егер барлық тұтынушылар өліп кетсе, бұл өнімдерді ешкім алмайтынын неге ойламайды екен",-  деп мәселе көтерді Светлана Романовская.

Оның айтуынша, жарты жылда Қоғамдық денсаулық сақтаудың өңірлік департаменті 643 ойыншық үлгісінен 228 - інің Кедендік одақ регламентінің талабына сай келмейтінін анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу