Зиянды өндіріс орындарын құру кезінде халықтың мүддесі ескерілмейді

1029

Ауа тазалығын бақылайтын мемлекеттік мониторингтің қызмет сапасын жақсарту қажет. 

Зиянды өндіріс орындарын құру кезінде халықтың мүддесі ескерілмейді

Бұл туралы сенатор Андрей Лукин үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Андрей Лукиннің сөзінше, экологиялық мониторинг тиісті деңгейде жүргізілмейді. Заң бұзушылықты жою, залалды өтету жұмысы көңіл көншітпейді.

"Соңғы 2 жылда еліміздің аумағында атмосфералық ауаның жоғары деңгейдегі ластануы бойынша 1 296 жағдай тіркелді. Су қоймаларында 934 ластану дерегі анықталды. Соған қарамастан нақты шара қолданылмады", – деді Андрей Лукин.

Бұдан кейін сенатор зиянды өндіріс орындарын құру және кеңейту кезінде халықтың мүддесі ескерілмейтінін атап өтті. 

"Жағдай өзгермесе, еліміздің флорасы мен фаунасына қауіп төнеді. Қауіпті қалдықтардың айналымын бақылауды ұйымдастыру және оларды толық залалсыздандыру, атмосфералық ауаның экологиялық проблемаларын шешу, сондай-ақ заңсыз карьерлерді қалпына келтіру мәселесін ерекше назарға алу қажет", – деді Андрей Лукин.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу