Зиянды жәндіктердің уынан екі бала қаза тапты

289

Ақтау қаласында бүтін бір отбасы зиянды жәндіктерге арналған удан уланып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зиянды жәндіктердің уынан екі бала қаза тапты Фото: canva.com

Химиялық препараттың кесірінен 2 жарым жасар бала мен 10 айлық сәби шетінеп кетті. Қайғылы оқиғаға зардап шеккен әулеттің көршісі кінәлі болу мүмкін.

Өйткені, ол пәтерін қандала секілді зиянкестен тазаламақ болып, белгісіз препарат қолданған.

Көршілеріне ескерту жасамай, кешқұрым үйін кілттеп кетіп қалған көрінеді. Мәселенің мән-жайын әріптесім Нұрлан Қуанышбай анықтауға тырысты. Назар салыңыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу