Зиянкестерге арналған удың кесірінен бес адам ауруханаға түсті

316

Ақтау қаласында тұрғындар тағы да қандалаға арналған дәрінің иісінен уланып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зиянкестерге арналған удың кесірінен бес адам ауруханаға түсті Фото: canva.com

Түн ортасында бір үйдің 5 адамы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, оның 3-і бала.

Қазір зардап шеккендердің жағдайы тұрақталды. Ал болған жағдайға сол үйдің 1-қабатында тұратын көршісі кінәлі болып шықты.

Пәтер иесі тыйым салынған, аса қауіпті химиялық препаратты қолданғаны белгілі. Алайда, үйін зиянкестерден аластамақ ойын көршілеріне хабарламаған.

Алаңсыз жатқан көпшілік түн ортасында пәтерлерінен шығуға мәжбүр болды. Жергілікті әкімдік уақытша баспана ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу