Зияткерлік мектептердің түлегі ҚБТУ-ға бірден екінші курсқа қабылданады

1037

Зияткерлік мектептердің түлегі ҚБТУ-ға бірден екінші курсқа қабылданады

Қазақстан-Британ техникалық университеті 2018-2019 жылғы жаңа оқу жылынан бастап барлық зияткерлік мектептердің түлектерін ҚБТУ-ға екінші курстан бастап қабылдайды, деп хабарлайды NIS.
ҚБТУ НЗМ түлектерінің сыртқы бағалау нәтижесінде берілетін "NIS Certificate" (University of Cambridge Local Examinations Syndicate) немесе "IB Diploma" кредиттерін бірінші курс пәндеріне жатыстырады.
ҚБТУ-да жеке оқудың жоспарын алу үшін 2018 жылғы 15 қаңтарға дейін тіркеуден өту қажет. Әрбір тіркелген талапкер ҚБТУ-ға оқуға түсу үшін берілетін ішкі және корпоративтік гранттар туралы және оқу процессі жөнінде ақпарат ала алады.
Мектептегі 12-сыныптың пәндері, халықаралық емтихандар ҚБТУ-да 1-курстың пәндері есебінде саналып, бір жылдық курсты жабады.
ҚБТУ-ға 2-курсқа түсуші зияткерлік мектептердің түлектері мемлекеттік, ҚБТУ-дың ішкі және корпоративтік гранттарын жеңіп алу үшін емтихан тапсыруларына болады. НЗМ түлектері ҚБТУ-да ақылы негізде оқитын болса, оның бағасы 1 жылға 850 мың теңгені (үш жылға 2 млн 550 мың теңге) құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу