Зияткерлік меншік объектілері кедендік тізілімге электронды түрде енгізілмек

595

Мемлекеттік кірістер комитеті "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды inbuiness.kz.  

Зияткерлік меншік объектілері кедендік тізілімге электронды түрде енгізілмек Фото: inbusiness.kz

5 желтоқсаннан бастап "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесінде "Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу" мемлекеттік қызметті көрсетудің электрондық нысанына көшу басталды.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар ("Онлайн оқыту" бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет.  

Толық ақпарат http://eokno.gov.kz порталында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу