Зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер азаяды

1156

Зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер азаяды

Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында "Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Заң жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында зияткерлік меншік саласындағы ЭЫДҰ стандартының жүйесіне ауысу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы әзірлеп, заңнаманы зияткерлік меншік саласында жетілдіруге бағытталды. Атап айтқанда, тауар белгілері және өнеркәсіптік меншік нысандары, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілердің азаюы.

ҚР әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, барлығы 12 заңнамалық актіге 188 түзету енгізу ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу