Зияткерлік меншікке қатысты дауды объективті шешуге жағдай жасалды

692

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зияткерлік меншікке қатысты дауды объективті шешуге жағдай жасалды

"Мәжілістің тапсырмасы бойынша әділет министрлігі Reed Smith компаниясының заң консультанттарын тарта отырып, заңнама мен құқық қолдану практикасына талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша әділет министрлігімен бірлесе отырып, осы саланы одан әрі дамыту бойынша ұсыныс әзірленді", – деді депутат Гүлнар Бижанова. 

Мәжілісменнің мәлімдеуінше, заң жобасына авторлардың заңды алым мен сыйақы алу құқығын қорғау мақсатында ұжымдық ұйым қызметінің ашықтығына қойылатын талапты күшейту, ұлттық брендтеуді дамыту және өткізу нарығын кеңейту мақсатында "географиялық нұсқау" деген жаңа объект енгізу, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қорғау үшін "қысқа мерзімді қорғау" режимі енгізу, тараптардың "оппозициялық" жүйені қолдану мүмкіндігін кеңейту, өтінім сатысының өзінде тіркеуге қарсылық білдіруге рұқсат беру, патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметін реттеуге қойылатын талаптарды нақтылау бойынша түзету ұсынылды. 

"Бірқатар түзетулер ұлттық заңнаманы зияткерлік меншік саласындағы халықаралық актілермен сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты болды. Заң жобасын қабылдау зияткерлік меншікке арналған құқықты қорғауды одан әрі күшейтуге және зияткерлік меншік саласындағы дауды объективті шешу үшін жағдай жасауға ықпал ететініне сенімдіміз", – деді Гүлнар Бижанова. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу