"Зияткерлік робот" ұғымы айқындалып, робот иесінің жауапкершілігі бекітіледі

1578

"Жеке венчурлік инвесторды" анықтау жөніндегі норма енгізіледі.  

"Зияткерлік робот" ұғымы айқындалып, робот иесінің жауапкершілігі бекітіледі

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәжілістің  жалпы отырысында тың ұсыныс жасады. Ол мұнай мен уран өндірісі салаларының ғылыми зерттеуге бөліп жатқан қаржының 
1%-ын цифрландыру жобаларына бағыттау қажеттігін алға тартты. 

"Отандық IT-компанияларды дамыту үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлікпен айналыспауы керек. Осыған орай, цифрлық жобаларды құру мен дамытудағы квазимемлекеттік сектор функцияларын алып тастауды ұсынамыз. Бұдан қоса мұнай және уран өндіру саласында ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінген шығыстардың 1%-ын цифрландыру жобаларына бағыттауды  ұсынамыз", – деді Аcқар Жұмағалиев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы туралы баяндама жасағанда. 

Министрдің мәлімдеуінше, венчурлік қызметті ынталандыру мақсатында "Жеке венчурлік инвесторды" анықтау жөніндегі норма енгізіледі.  

"Осы нормаларды енгізу арқылы 2024 жылға қарай инновациялық стартап компаниялардың санын 450-ге дейін ұлғайту мүмкіндігіне ие боламыз", – деді Аcқар Жұмағалиев.

Министрдің сөзінше, болашақта "Зияткерлік робот" ұғымы айқындалып, робот иесінің жауапкершілігі бекітіледі. 

"Заң жобасында жедел төлемдер жүйесін енгізу бойынша нормалар реттелген. Жүйені құру – халыққа, шағын бизнеске кез келген уақытта тез ақша аударуға мүмкіндік береді", – деді Асқар Жұмағалиев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу