Шымкент зообағында ірі жыртқыш аңдардың бөлек аймағы пайда болуы мүмкін. Қазіргі таңда зообақ басшылары арыстандар мен жолбарыстарға қажет жағдай жасауды ойластыруда. Бұл жобаның барлығы Шымкент әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды otyrar.kz.
Қазір Шымкент зообағында қайта құру жұмыстары жалғасуда. Таяу күндері Африка аймағы толық ашылады деп күтілуде. Қазірдің өзінде мұнда жабайы жануарлардың барлығы дерлік жіберілген.
"Сусиырды (бегемот) біз кәріз жүйесі қосылған соң ғана вольерге жібереміз", – дейді зообақ жетекшісі Нұрғазы Бұхарбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу