ZOOM акциялары қымбаттап жатыр

727

Компанияның биылғы пайда көлемі 30 есе өскен. 

ZOOM акциялары қымбаттап жатыр

Америкалық ZOOM компаниясы өз есебін жарияланғаннан кейін, оның акциялары 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com басылымына сілтеме жасап. Танымал видеосервистің тоқсандық кірісі 882,5 миллион долларға жеткен. Сарапшылар бұдан аз болады деп болжаған еді. Яғни биылғы кіріс мөлшері былтырғымен салыстырғанда 3,5 есе өскен.

2020 жылы пандемия басталған кезде, көптеген компаниялар жұмысшыларды қашықтан жұмыс істеуге көшірді, мектептер мен университеттер де осы режимге ауысты. Халықтың басым бөлігі видео қоңыраулар шалып, видео конференцияларға қатыса бастады. Сол кезден бастап Zoom қосымшасына деген сұраныс күрт арта бастады. Компания 2019 жылы 21,7 миллион доллар көлемінде пайда тапқан еді. 2020 жылы бұл көрсеткіш шамамен 30 есе өсті.Сарапшылар пандемия аяқталғаннан кейін де қашықтан жұмыс істейтіндердің саны бұрынғыға қарағанда едәуір көп болады және бейне байланысқа деген сұраныс жоғары болып қалады деген ойда.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу