Zoom басшысы 6 млрд долларға байыды

522

Сервистің акциялары қымбаттап жатыр. 

Zoom басшысы 6 млрд долларға байыды Фото: rbc.ru

Zoom деп аталатын онлайн конференция сервисінің иесі Эрик Юань компанияның түсімі туралы мәліметті жариялаған соң, оның байлығы бір күн ішінде  6 млрд долларға артып, 23 млрд доллар болды. 

Екінші тоқсанда Zoom-ның түсімі 663,5 млн долларға жеткен еді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 355%-ға артық. 

Сонымен қатар түсім туралы есеп жарияланған соң, компания акциялары да 40%-ға қымбаттады. Айта кету керек, Юань сервистің 50 млн акциясына ие. 

Бұған дейін Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безостың байлығы шілде айында бір тәулікте 13 млрд долларға көбейген еді. Ал тамызда Илон Маск 8 млрд доллар өндірді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу