Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға 500 мың теңге бөлінеді

861

Қазақстан Еріктілер лигасы шағын гранттар конкурсын жариялады, онда 5 жеңімпаз Нұр-Сұлтан қаласында жануарларды қорғау бойынша өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асырады. 

Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға 500 мың теңге бөлінеді

Әр жобаның құны – 500 мың теңге. Бұл туралы жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған "Birgemiz: Ayala" жобасының таныстырылымы барысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Байқау туралы толық ақпарат лиганың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ақпараттық алаңдарында жарияланды.

2 жоба одан әрі бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу